Энтони Тодд

KAZ Minerals Тобының операциялық директоры

Anthony Todd

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Энтони (Тони) Тодд KAZ Minerals Тобының Операциялық директоры (Chief Operating Officer) қызметіне тағайындалды. Тағайындалғанға дейін 2021 жылдың қазан айынан бастап ол KAZ Minerals Aktogay бас директоры болып жұмыс істеді. Тонидің тау-кен және жылу энергетикасы салаларында 40 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Ол пайдалану мен техникалық қызмет көрсету саласындағы әмбебап басшы. Тони өндірістің және қауіпсіздік мәдениетінің оңтайлы көрсеткіштеріне ерекше назар аударады. Топқа келгенге дейін Тони Minara Resources, Fortescue Metals Group және Glencore-да басшылық қызметтер атқарды және Австралия, Колумбия, Конго Демократиялық Республикасы және Мадагаскарда мыс, алтын, никель және темір өндіруде тәжірибесі бар. Тони Бизнесті басқару және материалдық ресурстарды басқару және Техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мамандықтары бойынша магистр дәрежесіне ие.