Елена Рыбакинаға көрсетілген демеушілік

KAZ Minerals 2023-2025 жылдар аралығында Қазақстанның бірінші ракеткасы – Елена Рыбакинаға демеуші болатынын мақтан тұтады.

Елена 2022 жылы Уимблдон турнирінде жеңіске жеткен әлеміндегі жетекші теннисшілердің бірі. Сондай-ақ ол әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) төрт турнирінде жеңіске жеткен – 2023 жылы Индиан-Уэллс пен Рим турнирлері, 2020 жылы Hobart International және 2019 жылы Bucharest Open турнирлері. Сонымен қатар ол тоғыз рет WTA турнирлерінің финалына шықты.

Еленаның тенниске деген құштарлығы бес жасында оянды, ал оның кәсіби жолы 2016 жылы басталды. 2018 жылдың маусым айында ол Қазақстанның намысын қорғау туралы шешім қабылдады. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі керемет жеңісі және 2023 жылғы Австралия ашық чемпионатының финалы оны әлемдегі үздік он теннисшінің қатарына қосты.

Қатты корт ойындарындағы ерекше шеберлігімен танымал Елена WTA турындағы ең қуатты соққылардың біріне ие. Қазақстанда көп уақыт өткізуге мүмкіндік бермейтін турнир кестесіне қарамастан, ол балалар теннисі жарыстарын қолдайды және осы спорт түріне әуес балалар мен жастар санының өсуіне қуанады.

Елена былай деп мәлімдеді: «Қазақстанның теннис федерациясына және демеушілерім, оның ішінде KAZ Minerals-қа маған деген сенімдері үшін алғыс айтамын. Бұл қолдау маған спортқа барынша назар аударып, өз мүмкіндіктерімді жүзеге асыруға көмектеседі. Алда жаңа жеңістер болады және біз бұл табысты Қазақстандағы және басқа елдердегі жанкүйерлеріммен бөлісе аламын деп үміттенемін.

KAZ MINERALS ТОБЫНЫҢ РЕСМИ ВЕБСАЙТЫ

KAZ Minerals өзінің интернеттегі алаяқтық мақсаттағы жалған веб-сайтын анықтады, ол Топтың корпоративтік веб-сайтының телнұсқасына ұқсайды, бірақ байланыс деректері дұрыс көрсетілмеген.

www.kazminerals.com Топтың ресми корпоративтік жалғыз сайты екенін естеріңізге саламыз.

  

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуларыңызды өтінеміз:

KAZ Minerals

 

 

Мари Эдвардс

Максут Жапабаев

Корпоративтік хатшы, Лондон

Корпоративтік байланыстар департаменті, Алматы

Тел.: +44 20 7901 7832

Тел.: +7 727 244 03 53

 

ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЫ:

7th Floor, 83 Victoria Street, London SW1H 0HW, United Kingdom (7-қабат, Виктория көш., 83, Лондон SW1H 0HW, Ұлыбритания).

 

ЕСЕПТІҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІН ЖҮКТЕУ ҮШІН СІЛТЕМЕГЕ ӨТІҢІЗ

 

«БАИМСКАЯ ТӨК» ЖШҚ-ның ШЫҒУЫ

KAZ MINERALS «БАИМСКАЯ ТӨК» ЖШҚ-ның ШЫҒУЫ ТУРАЛЫ ЖАРИЯЛАЙДЫ

2023 жылғы шілде айында «БАИМСКАЯ ТӨК» ЖШҚ қазақстандық Trianon Limited компаниясының пайдасына шығарылды. Аталған компания KAZ Minerals акцияларының тікелей меншік иелеріне тиесілі.

Осы мәміле аяқталғаннан кейін KAZ Minerals Ресейдегі қызметін жүзеге асырмайды.

Қосымша ақпарат төмендегі деректер бойынша байланысуды өтінеміз:

KAZ Minerals

 

 

Мари Эдвардс

Максут Жапабаев

Корпоративтік хатшы, Лондон

Корпоративтік байланыстар департаменті, Алматы

Тел.: +44 20 7901 7832

Тел.: +7 727 244 03 53

ЕСЕПТІҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІН ЖҮКТЕУ ҮШІН СІЛТЕМЕГЕ ӨТІҢІЗ

 

Тәуелсіз атқарушы емес директорды тағайындау

FCA ресми тізіліміндегі акциялардың саудасына, Лондон қор биржасының негізгі нарығындағы саудаға және Қазақстандық қор биржасындағы сауда мен листингке жіберу рұқсатын қайтару

Акцияларды мәжбүрлі түрде сатып алу туралы ресми хабарламаларды жіберу және Ақырғы жоғары офертаны жабу

Перенос Ежегодного Общего Собрания акционеров 2021 года

Баимская жобасы туралы жаңарған ақпарат

2017 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдың үкіметтерге аударылған төлемдер туралы есебі

Расталмаған ақпаратқа қатысты хабарлама