Семейде 1 200 оқушыға арналған жаңа мектеп салу жобасы
KAZ Minerals өз қызметін жүзеге асыратын өңірлерде білім беру мекемелеріне тұрақты түрде инвестиция салады. 2024 жылдың қыркүйек айында Семейде Топ салған жаңа мектеп ашылды.
Мектеп 1 200 оқушыға арналған және 48 сыныппен жабдықталған, олардың әрқайсысы түрлі бағыттар бойынша мамандандырылған оқытуға бейімделген.
Оларға алты информатика кабинеті, алты мультимедиялық кабинет және химия, физика, биология пәндеріне арналған алты мамандандырылған кабинет кіреді. Мектепте робототехникаға арналған кабинет, графика және модельдеу кабинеті, аспаздық, пішу және тігуге арналған кабинеттер, сондай-ақ токарлық, слесарлық және қыш шеберханалары да бар.
Мектептің заманауи дизайны оқу сапасының жоғары стандарттарын ғана емес, практикалық дағдылардың маңыздылығын да айқындайды, оқушыларға дәстүрлі және техникалық бағыттарда дамуға мүмкіндік береді.
Мектептің инфрақұрылымы оқушылардың әл-ауқаты мен физикалық дамуына да бағытталған. Оған үлкен спорт залы, бастауыш сынып оқушыларына арналған шағын спорттық-ойын залы және даладағы спорттық құрылыстар кіреді. Сонымен қатар футбол, волейбол және баскетбол алаңдары, жүгіру жолдары да бар. Мектеп тек білім алып қана қоймай, дене белсенділігімен айналыса алатын үйлесімді орта құру мақсатында жобаланған.
Мектептің басты ерекшелігі – оның қолжетімділігі. Мектепте толық инклюзивтілікті қамтамасыз ететін заманауи шешімдер енгізілді. Мектептің басты кіреберістері және негізгі бөлмелері мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайлы болу үшін пандустармен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар мектеп аумағында және ғимарат ішінде көру қабілеті төмен оқушылардың бағдарлауын жеңілдететін тактильді жолақтар қарастырылған. Мектепте екі лифт орнатылып, оқушылардың қабаттар арасында еркін және ыңғайлы қозғалуына жағдай жасалды.
Жаңа мектептің салынуы өңірдің экономикасына оң әсерін тигізді. Жаңа мектептің іске қосылуы өңірде 100-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Мектеп құрылысына қазақстандық мердігерлер қатысып, отандық өнімдер қолданылды. Бұл KAZ Minerals-тың жергілікті бизнесті қолдауға және өңірлік экономиканы дамытуға деген ұстанымын көрсетеді.