Жезкент ауылындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спортқа қолдау көрсету

KAZ Minerals компаниясы Орлов өндірістік кешенінің жанында орналасқан Жезкент кентіндегі AS Mansur Team жасөспірімдер жекпе-жек клубына қолдау көрсетті. 2022 жылдың өзінде клубтың жас спортшылары республикалық және өңірлік деңгейдегі жарыстарда 70 жүлделі орынды иеленді.
Жасөспірімдер Астана, Алматы, Қарағанды, Өскемен, Семей қалаларында джиу-джитсудан өткен жарыстарда 25 алтын, 25 күміс, 20 қола медаль жеңіп алды. Команданың төрт мүшесі джиу-джитсудан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында бақ сынасып жүр.

Джиу-джитсу секциясына қатысатын спортшылардың көпшілігі – Топтың Орлов кешені қызметкерлерінің балалары. Жас спортшыларды қолдау үшін Топ спорт клубына татами төсеніштерін сатып алуға демеушілік жасады.
«Менің ұлдарым Арман мен Әлімжан 2019 жылдан бері джиу-джитсумен айналысады. Бұл сабақтар балаларымның тәртібіне үлкен әсер етті. Олар спортты өте жақсы көреді және жарыстарда жиі жүлделі орындарды иеленіп келеді», – дейді Орлов өндірістік кенішінің электрмонтері Аслан Айтуғанов.

AS Mansur Тeam джиу-джитсу клубының жаттықтырушысы Жанарбек Арсаков клубтың балалардың күші мен төзімділігін дамыту үшін жаттығу құрылғыларын сатып алу туралы жоспарларымен және арманы Қазақстанның үздік 10 балалар клубына кіру екенімен бөлісті. «Жарыстың сәтті әрі шабыттандыратын нәтижелеріне куә бола отырып, AS Mansur Тeam басшылығы клубқа қатысатын балаларға тегін жаттығулар енгізу туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, KAZ Minerals компаниясына біздің жұмысқа деген сенімі және қажетті жабдықты сатып алып бергені үшін алғысымды білдіргім келеді», – деді ол.

2022 жылғы қараша айында жас спортшылар Абу-Даби қаласында өткен джиу-джитсу бойынша жастар арасындағы әлем чемпионатына барып келді. Команданың үш қатысушысы: Лейла Сарапеева, Нұрсат Қымбатұлы және Еркежан Ерланова жастар арасындағы әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алды.