2025 жылдың 3-тоқсаны: өндірістік нәтижелер

2025 ЖЫЛҒЫ 30 ҚЫРКҮЙЕКТЕ АЯҚТАЛҒАН ТОҒЫЗ АЙ МЕН ҮШІНШІ ТОҚСАН БОЙЫНША KAZ MINERALS ТОБЫНЫҢ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ САТУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

9m
2025
9m
2024
Q3 2025 Q2 2025 Q3 2024
Мыс өндіру1 мың тонна 275.7 287.0 91.7 93.6 96.1
Ақтоғай мың тонна 171.6 172.2 56.8 58.8 58.3
Бозшакөл мың тонна 70.7 79.2 23.1 24.2 25.8
Шығыс өңірі және Бозымшақ мың тонна 33.4 35.6 11.8 10.6 12.0
Алтын өндіру2 мың унция 95.7 110.9 33.1 31.6 35.0
Күміс өндіру2 мың унция 2,730 2,750 955 891 875
Концентраттағы мырыш мың тонна 34.3 31.3 13.9 11.1 8.8
Мыс сату3 мың тонна 252.8 295.0 76.8 95.7 91.9
Алтын сату4 мың унция 95.6 120.4 30.6 32.3 36.4
Күміс сату4 мың унция 2,716 3,014 853 968 1,126
Концентраттағы мырышты сату мың тонна 35.9 35.7 15.4 10.9 10.4
  1. Ақтоғай кен орнының оксидті кенінен алынған концентраттағы және катодты мыстағы төленетін металдың көлемі
  2. Концентраттағы төленетін металл көлемі
  3. Ақтоғай кен орнының оксид кенінен толлинг және катодты мыс схемасы бойынша өндірілген металдың, концентраттағы төленетін металдың көлемі
  4. Толлинг схемасы бойынша өндірілген металдың, концентраттағы төленетін металдың көлемі

Негізгі көрсеткіштер

  • 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында Ақтоғай және Бозшакөл кеніштері кен өңдеудің рекордтық көлеміне жетті, бұл Топтың өнімділікті барынша арттыруға бағыт алғанын көрсетеді.
  • 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі мерзім ішінде мыс өндіру көлемі 276 мың тоннаны құрады, бұл 2024 жылғы 9 айлық көрсеткіштен 4%-ға төмен (287 мың тонна), себебі қайта өңдеу көлемінің ұлғаюы мыс құрамының және алу коэффициенттерінің азаюымен өтелді.
  • Шығыс өңірде полиметалл кенін өңдеу көлемін арттырудың арқасында концентраттағы мырышты өндіру көлемі 10%-ға, яғни 34 мың тоннаға дейін ұлғайды (2024 ж. 9 ай: 31 мың тонна). Бағалы металдарды өндіру көлемінің азаюы металл құрамы едәуір төмен учаскелерді игерумен байланысты болды.
  • Мыс салу көлемі 253 мың тоннаны құрады, бұл үшінші тоқсанда қорлардың жинақталуына және қыркүйек айындағы қысқа мерзімді транзиттік кешіктіруге байланысты өндіру көлемінен 8%-ға төмен көрсеткіш, дегенмен аталған жағдайлар қазан және қараша айында жақсарды.

KAZ Minerals Тобының Басқарма төрағасы Андрей Третьяков бұл туралы былай деді: «2025 жылы KAZ Minerals Ақтоғай мен Бозшакөл кен өңдеу көлемі бойынша жаңа рекорд орнатуды жалғастырды, бұл Топқа кендегі мыс құрамының жоспарлы төмендеуіне қарамастан алғашқы тоғыз ай ішінде 276 мың тонна мыс өндіруге мүмкіндік берді. Мысқа деген сұраныс жоғары болып қалып отыр, бұл ретте KAZ Minerals-тың өз тапсырыс берушілеріне жауапты өндіріс қағидаттарына сәйкес өндірілген мысты сенімді түрде жеткізу үшін қажетті мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар біз өндірісіміздің тиімділігі мен тұрақтылығын арттырып келеміз».

ЕСЕПТІҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІН ЖҮКТЕУ ҮШІН СІЛТЕМЕГЕ ӨТІҢІЗ