2024 жылғы тұрақты даму

KAZ Minerals Қазақстандағы және Қырғызстандағы тау-кен өндіру активтерін пайдалануға жауапкершілікпен қарайды. Мыс өндіру тұрақты болашақты қамтамасыз етудің негізі болып табылады.

Есепті жүктеп алу Мақсаттарымыз туралы толығырақ

Айқындылық және іс жүзіндегі прогресс

Біздің 2024 жылғы тұрақты даму туралы есебіміз KAZ Minerals компаниясының жауапты өсу мен айқын есептілік қағидатын ұстанатынын бейнелейді. Құжатта өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәселелерді басқаруда, сонымен қатар мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуде ұстанатын қағидаттарымыз мазмұндалған, бұл тұрақты дамудың қызметіміздің барлық аспектілеріне ендірілгенін көрсетеді.

Сонымен қатар, есепте тұрақты даму мақсаттары мен көрсеткіштері, оларды бағалау нәтижелері, сондай-ақ мойындалған есептілік стандарттарына сәйкестік көрсетілген. Құжат біздің ұлттық экономикаға қосатын үлесімізді бейнелейді, қызметіміздің жергілікті мәні туралы түсінік береді және біз ұзақ мерзімді құндылық пен оң әсерді қамтамасыз ету үшін қабылдайтын практикалық қадамдармен бірге мысалдарды қамтиды.