2024 жылдың 3-тоқсаны: өндірістік нәтижелер

2024 ЖЫЛҒЫ 30 ҚЫРКҮЙЕКТЕ АЯҚТАЛҒАН ТОҒЫЗ АЙ МЕН ҮШІНШІ ТОҚСАН БОЙЫНША БОЙЫНША ЕСЕП

  9 ай
2024 ж.
9 ай
2023 ж.
2024 ж. 3-тоқ. 2024 ж. 2-тоқ. 2023 ж. 3-тоқ.
Мыс өндіру1 мың тонна  287,0  301,2    96,1  96,6  101,7
Ақтоғай мың тонна  172,2  192,0  58,3  58,3  65,4
Бозшакөл мың тонна  79,2  77,5  25,8  26,3  27,3
Шығыс өңірі және Бозымшақ мың тонна  35,6  31,7  12,0  12,0  9,0
Алтын өндіру2 мың унция  110,9  120,3  35,0  36,7  42,4
Күміс өндіру2 мың унция  2 750  3 004  875  997  1 026
Концентраттағы мырыш мың тонна  31,3  36,4  8,8  12,0  12,5
Мыс сату3 мың тонна  295,0  344,2    91,9  99,9  121,1
Алтын сату4 мың унция  120,4  140,6    36,4  39,7  47,7
Күміс сату4 мың унция  3 014  3 191    1 126  922  1 158
Концентраттағы мырышты сату мың тонна  35,7  41,3    10,4  11,1  12,1
  • Ақтоғай кен орнының оксидті кенінен алынған концентраттағы және катодты мыстағы төленетін металдың көлемі
  • Концентраттағы төленетін металл көлемі
  • Ақтоғай кен орнының оксид кенінен толлинг және катодты мыс схемасы бойынша өндірілген металдың, концентраттағы төленетін металдың көлемі
  • Толлинг схемасы бойынша өндірілген металдың, концентраттағы төленетін металдың көлемі

Негізгі көрсеткіштер

  • 2024 жылдың басынан бастап тоғыз ай ішінде KAZ Minerals кенін өңдеу көлемі 72 млн тоннаны құрады, бұл былтырғы жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 5%-ға жоғары (2023 ж. 9 ай: 68 млн тонна) және Топ үшін рекорд болып табылады.
  • Осы кезеңде мыс өндірісінің көлемі 287 мың тоннаға дейін төмендеді (2023 ж. 9 ай: 301 мың тонна), себебі кенді өңдеу көлемінің ұлғаюы Ақтоғай мен Бозшакөл кеніштерінде кендегі мыс құрамының болжалды төмендеуін ішінара ғана өтеді.
  • Ілеспе өнім ретінде концентраттағы алтын, күміс пен мырышты шығару көлемі былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда азайды, себебі Шығыс өңірі мен Бозымшақ кен орнындағы өндіру полиметалдардың құрамы аз учаскелерде жүргізілді.
  • Мысты 295 мың тонна көлемінде сату деңгейі өндіру көлеміне қарағанда 3%-ға жоғары болды, себебі Топ былтырғы жылдың аяғында тасымалдау барысында болған дайын өнім қорларын сатты.

KAZ Minerals Тобының Басқарма Төрағасы Эндрю Саузам бұл туралы былай деді: «KAZ Minerals компаниясының кенді барынша өңдеудегі тұрақты күш-жігерінің арқасында Ақтоғай, Бозшакөл мен Бозымшақ байыту фабрикалары жобалық қуаттан асып түсіп, 2024 жылғы алғашқы тоғыз ай ішіндегі рекордтық өңдеу көлеміне жетті. Жоғары өндірістік көрсеткіштер Топқа есептік кезеңде 287 мың тонна мыс шығаруға мүмкіндік берді».

Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс деректері бойынша хабарласуларыңызды өтінеміз:

KAZ Minerals    
Максут Жапабаев

Джиллиан Литтл

Корпоративтік байланыстар департаменті, Алматы

Корпоративтік хатшы, Дубай

Тел.: +7 727 244 03 53

Тел.: +971 4560 5100

ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЫ:

Блок №: 3402, Platinum Tower (Платинум Тауэр), учаске №: JLT-PH1-I2, Jumeirah Lakes Towers (Джумейра Лэйкс Тауэрс), Дубай, Біріккен Араб Әмірліктері

ЕСЕПТІҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІН ЖҮКТЕУ ҮШІН СІЛТЕМЕГЕ ӨТІҢІЗ