2023 жылдың 1-тоқсаны: өндірістік нәтижелер

2023 жылғы 31 наурызда АЯҚТАЛҒАН бірінші ТОҚСАНҒА

KAZ MINERALS тобының ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

  1Т 2023 4Т 2022 1Т 2022
Мыс өндіру1 мың тонна  95,1  97,8  89,9
Ақтоғай мың тонна  61,9  59,7  50,7
Бозшакөл мың тонна  23,7  24,2  26,7
Шығыс өңірі және Бозымшақ мың тонна  9,5  13,9  12,5
Алтын өндіру2 мың унция  36,5  42,1  42,7
Күміс өндіру2 мың унция  837  1 050  888
Концентраттағы мырыш өндіру мың тонна  9,1  17,6  10,7
Мыс өткізу3 мың тонна  108,3  101,9  90,8
Алтын өткізу4 мың унция  43,0 35,2  50,4
Күміс өткізу4 мың унция  974  903  1 002
Концентраттағы мырыш өткізу мың тонна  13,6  14,5  15,0
  • Ақтоғай кен орнының оксидті кенінен алынған концентраттағы және катодты мыстағы төленетін металдың көлемі
  • Концентраттағы төленетін металл көлемі
  • Ақтоғай кен орнының оксидті кенінен толлинг және катодты мыс сұлбасы бойынша өндірілген металдың, концентраттағы төленетін металдың көлемі
  • Толлинг сұлбасы бойынша өндірілген металдың, концентраттағы төленетін металдың көлемі

Негізгі көрсеткіштер

  • 2023 жылдың бірінші тоқсанында KAZ Minerals Ақтоғайдағы екі сульфидті байыту фабрикасының жоғары өнімділігі және Бозшакөл өнімділігі бойынша жобалық қуаттың артуы нәтижесінде 95 мың тонна мыс өндірді.
  • Темір жол логистикасын жақсарту нәтижесінде 108 мың тонна көлемінде мыс өткізу өндіріс көлемінен 13 мың тоннаға жоғары болды, бұл Топқа дайын өнім қоймаларындағы қорларды қысқартуға мүмкіндік берді.
  • Ілеспе өнім өндіру алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда қысқарды, өйткені 2022 жылдың төртінші тоқсанында Шығыс өңіріндегі өндіру ілеспе металл мөлшері жоғары учаскелерден жүргізілді. Ілеспе өнімді өткізу көлемі теміржол логистикасын жақсартудың арқасында өндіру көлемінен асып түсті.

KAZ Minerals Тобының Басқарма төрағасы Эндрю Саузам: «KAZ Minerals Тобы 95 мың тонна көлемінде мыс өндіруді қамтамасыз етіп, 2023 жылды сәтті бастады. Топтың өндірістік кәсіпорындары жақсы нәтиже көрсетті, ал өткізу нарықтарына дейін логистиканың жақсаруы сату көлемін арттыруға және дайын өнім қорларын азайтуға мүмкіндік берді».

Толық ақпарат алу үшін хабарласыңыздар:

KAZ Minerals    
Мари Эдвардс

Максут Жапабаев

Корпоративтік хатшы, Лондон

Корпоративтік байланыстар департаменті, Алматы

Тел.: +44 20 7901 7832

Тел.: +7 727 244 03 53

ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЫ:

7th Floor, 83 Victoria Street, London SW1H 0HW, United Kingdom (7-ші қабат, Виктория 83 көшесі, Лондон SW1H 0HW, Ұлыбритания).

ЕСЕПТІҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІН ЖҮКТЕУ ҮШІН СІЛТЕМЕГЕ ӨТІҢІЗ