Баимская жобасындағы жұмыстарды климаттың өзгеруін ескере отырып жоспарлау

Қазіргі уақытта Топ Баимская мыс жобасының Банктік техникалық-экономикалық негіздемесін жүзеге асыруда, бұл физикалық өзгерістерге, нарық пен климат жағдайларының өзгерістеріне байланысты тәуекелдерді қамтиды. Жобаның ықтимал жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау кезінде көміртекті өнімдерге арналған болашақ баға сценарийлері ескеріледі.

Мәңгі тоңның еруі жоба дизайнының есебінен төмендейтін климат өзгерісінің физикалық тәуекеліне мысал бола алады.

Мәңгі тоң еруінің Ресейдің Арктикалық аймағындағы кез келген жобаға арналған өндірістік қондырғылар мен инфрақұрылымның конструктивтік беріктігіне ықтимал әсерін ескеру маңызды. Көпжылдық тоңның деградациясы және тоң топырақ температурасының көтерілуі конструкциялардың көтеру қабілетін төмендетеді және жыныстың, көшкіннің шөгуінің және жыныста қуыстардың түзілуінің нәтижесінде зақымдауы мүмкін.

Арктикалық аймақтың жылынуы басқа аймақтарға қарағанда жылдамырақ жүріп жатыр, алайда қазіргі уақытта мәңгі тоңның сыртқы жағы ғана еріп жатыр. Орнықсыз жыныстағы мәңгі тоңның еруі Қиыр Шығыс пен Баимская мыс жобасы орналасқан Ресейдің Арктикалық аймағына қарағанда Сібірдің батыс бөлігінде кеңінен таралған.

Баимская мыс жобасы жаға объект бола тұра кенішті өңдеу мерзімі ішінде алдағы уақытта мәңгі тоңның еру тәуекелін толық ескереді. Мәңгі тоңның еруіне байланысты құрылымдық тәуекелдерді жою үшін объект байырғы жынысқа орнатылады. Жоба мен тұрақты жол маршруты ықтимал еру жағдайында орнықтылықты қамтамасыз етеді және автокөліктің жобаның өндірістік алаңы мен порттың арасындағы қозғалысы кезінде туындайтын үйкелістен мәңгі тоңды оқшаулайды.

COVID-19 таралуына қарсы шаралар

2020 жылдың бірінші тоқсанында барлық тау-кен компаниялары үшін жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мәселесі COVID-19 таралуының алдын алу мәселесі болды. Топ өз қызметкерлері мен мердігерлерді қорғау үшін уақытылы шаралар қабылдады.

Пандемияның алғашқы кезеңдерінде барлық өндірістік бөлімшелерде инфекциямен күресу шаралары қабылданды. Ақтоғай және Бозшакөл өндірістік бөлімшелеріне қолжетімділік осы бөлімшелердің вахталық қалашықтарында тікелей жақын жерде тұратын жұмыскерлер мен мердігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылғы 22 наурыздан мамыр айының соңына дейін жабылды. Осы бастапқы кезеңде өндірістік қызмет үстеме ауысымдармен қамтамасыз етілді, өндірістік алаңдарды COVID-тен қорғауды қамтамасыз ету және сырттан жұқтырудың алдын алу үшін вахта уақыты ұзартылды, қызметкерлерді алмастыру үшін қорғау шаралары қабылданды. Объектіде болуы міндетті емес барлық жұмыскерлер қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылды.

Мамыр айында Қазақстанда кейбір шектеулер алынып тасталғанда, Топ өндірістік объектілерде вахталық қызметкерлерді ауыстырды және вахталық жұмыстың қайта қаралған схемасын енгізді. Кеңейтілген жаңа ауысым кестесінің мақсаты ауысым санын азайту және жаңадан келген қызметкерлер үшін тестілеу және оқшаулау жүйелерін енгізу болды.

Топ экспресс-тест және ПТР тест жиынтығының ірі партиясын сатып алды, шілде айында Ақтоғайда мамандандырылған ПТР-диагностика орталығын ашты және негізгі қызметкрелер қатарына жіберілгенге дейін жаңадан келген қызметкерлерді оқшаулау үшін жеке блоктар ұйымдастырды.

Қазақстандағы қолданыстағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес барлық қызметкерлер өндірістік объектіге келуден үш күн бұрын тұрғылықты жерінде ПТР тест тапсыруы тиіс. Топ сапар барысында санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың барлық шараларын сақтай отырып, объектідегі вахталық қалашыққа дейін жету үшін көлікті ұйымдастырады.

Қызметкерлер Ақтоғайға немесе Бозшакөлге келген кезде уақытша карантинге арналған арнайы оқшаулағыш бокстарға орналастырылады, онда экспресс-тест және ПТР тест жасалады.

Көп сатылы тестілеу мен уақытша оқшаулаудың үйлесімділігі негізгі қызметкерлерді жұқтыру қаупінен қорғайды, бұл ретте ПТР тест нәтижесі оң болып шыққан жағдайда ол жұмысқа жіберілмейді. Алғашқы медициналық көмек көрсету пункттері және Топтың өндірістік нысандарындағы төтенше жағдай тәртібі пандемия кезінде тиімді екендігі дәлелденді.

COVID-19-дан қорғау үшін қабылданған жедел шаралар қызметкерлер мен мердігерлер үшін тәуекелдерді және 2020 жылы Топтың өндірістік қызметіне ықпалды барынша азайтты, сондай-ақ пандемия басталғанға дейін ақпан айында белгіленген барлық металдар бойынша өндірістің жоспарлы көрсеткішіне қол жеткізілді.

Игерілген Николаев карьерінің ішінде қалдықтарды жинау

2020 жылы Топ Шығыс аймақтағы жер үсті Николаев қалдыққоймасын пайдалануды тоқтатты және қалдықтарды сақтау үшін игерілген Николаев карьерін пайдалана бастады.

Николаев кен байыту фабрикасы Артемьев және Ертіс кеніштеріндегі кенді өңдейді, игерілген карьерде қалдықтарды сақтауға көшу қауіпсіздікті жақсартады және аймақтағы қоршаған ортаға қалдыққойманың әсерін азайтады.

Қалдықтарды игерілген карьерге төгу және сақтау жер үсті қалдыққоймамен салыстырғанда карьердің орнықтылығымен, қолданыстан шығарылған объектіні қайта пайдаланумен және қышқыл және басқа ағын суларды бұруға байланысты тәуекелдің төмендігіне байланысты қалдықты ұзақ мерзімді басқарудың ең жақсы әдісі болып саналады. Артемев және Ертіс кеніштерін пайдалану кезеңінде қалдықтарды төгу үшін Николаев карьерінде жеткілікті орын бар.

Топтың техникалық директоры Барнард Йохан: «Біз қалдықтарды игерілген Николаевск кенішінде сақтауға көшкенімізге өте қуаныштымыз. Бұл мүмкін болу үшін жобалау, рұқсат алу және жаңа инфрақұрылымды салу бойынша айтарлықтай жұмыс көлемі жүргізілді және байыту фабрикасының жер үсті қалдыққоймасын пайдаланудан шығару түпкілікті нәтижесі болмақ. Топтың қазір Орлов кенішінде ішкі кеңейту бөгеттері бар бір ғана жер үсті қалдыққоймасы бар».

Психикалық денсаулық

2019 жылы Ақтоғай мен Бозшакөлде қызметкерлерді және олардың психикалық денсаулығын қолдаудың жаңа бағдарламасы іске қосылды, ол 2020 жылы COVID-19 пандемиясы кезінде қызметкерлерді қолдаудың жоғары тиімділігін көрсетті. Бағдарлама аясында қызметкерлерді қолдау мақсатында осы шалғайдағы өндірістік нысандарда жұмыс істеуге психологтар тартылды.

Қызметкерлер ел ішінде жүруге қойылған шектеулер мен карантиндік шараларды енгізу себебінен жыл бойы вахталарда ұзағырақ жұмыс істеді, сондай-ақ Топ жұқтыру қаупін барынша азайту үшін вахтада ұзақ жұмыс істеудің жаңа жүйесін енгізді. Бұл қызметкерлердің отбасымен және достарымен уақытты аз өткізуін білдіреді, бұл психикалық денсаулықты қолдау қызметтеріне және қызметкерлерге қолдау көрсету бойынша басқа бағдарламаларға сұраныстың артуына әкелуі мүмкін.

Бастапқыда бұл идея 2019 жылы компания қызметкерлерімен KAZ Minerals Директорлар кеңесінің төрағасы өткізген Тікелей желі кезінде ұсынылған болатын. Психологтар кеніштер немесе мұнай-газ кен орындары сияқты шалғай объектілерде жұмыс істейтін қызметкерлермен жұмыс істеуге маманданған.

2020 жылы Ақтоғай мен Бозшакөлде 2 500 дербес және топтық консультациялар өткізілді

Баимская мыс жобасындағы су ресурстары

Қазіргі уақытта Топ Ресей Федерациясының Чукот автономды округінде орналасқан Баимская мыс жобасының Банктік техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауда, оған жеткілікті су қорының бар-жоғын егжей-тегжейлі бағалау кіреді.

2020 жылы Баимская мыс жобасын әзірлеуді бастамас бұрын қоршаған табиғи және әлеуметтік-экономикалық ортаға әсерін бағалау, соның ішінде фондық жағдайды зерттеу аяқталды.

Зерттеулер технологиялық қажеттіліктер мен ішуге қажетті (қайта өңдеуден кейін) су қорының жеткілікті екенін және су алудың тұщы сумен қамтамасыз ету тұрғысынан жергілікті тұрғындарға әсер етпейтінін көрсетті.

Өндірістік операциялар процесінде карьерді құрғатудың шекті қажеттілігін ескере отырып, жерасты суының қорларына жергілікті әрі болмашы әсер етеді деп күтілуде.

Жерүсті суларына әсері былай бақыланады немесе оның алдын алады:

  1. Карьерді құрғатудың нәтижесінде алынған су қалдыққоймаларға қайта айдалады.
  2. Қалдыққойма мәңгі тоңның төменгі бөлігінен оқшауланған суға төзімді бөгеттері мен негіздемесі бар «нөлдік су қашырту деңгейіне ие» конструкцияға жатады. Аққан су қойманың төменгі бөлігіндегі жеке учаскеге жиналып, негізгі бөгеті бар учаскеге қайта айдалады.
  1. Жазда «Песчанка» өзенінің ағуын қамтамасыз ету үшін қалдыққойманың конструкциясында ұзындығы 15 км сорғы станциясы бар айналма құбыржол қарастырылған.