2020 жылдың мамыр айының басында Қазақстанның Түркістан облысында қатты су тасқыны болды. Су тасқынынан он төрт ауылдың 32 000 жуық тұрғыны зардап шекті. KAZ Minerals зардап шеккен отбасылар үшін жаңа үйлер салуға қолдау көрсетті.
Қанат Амандықұлы, Түркістан облысының тұрғыны: «Әрине, біз есеңгіреп қалдық. Бірақ бізге далада қалмайтынымызды айтқан соң тынышталдық. Жаңа үйдің кілтін алғанымызға өте қуаныштымыз. Көмек қолын созған жанның барлығына алғысымыз шексіз».

